Оқу-ағарту министрлігі Павлодар колледждерінің бірінде болған оқиғаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның кәмелетке толмаған жасөспірімді ұрып жатқан видеосы тарады. Ер адам таяқ тәрізді затпен студенттің құйрығынан бірнеше рет ұрған.
Балалардың құқығын қорғау комитеті оқушыларға осы сынды тәрбие әдістерін қолдануды өрескел қате деп айыптады.
"Білім беру мекемелері балаларды қауіпсіз және сенімді оқыту орын болуға тиіс. Балалардың білім алу құқығы мен қауіпсіздігі кез келген қоғамда ең жоғары басымдық болуы керек. Педагогтың бұл мінез-құлқы барлық көрсетілген нормаларға қайшы келеді. Қазіргі уақытта бұндай қателікке жол берген мұғалім жұмыстан босатылды.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті білім беру мекемелерінде балалардың құқықтары мен қауіпсіздігінің сақталуын қадағалап, олардың мүдделерін қорғау жөнінде тиісті шаралар қабылдамақ", - деп хабарлады министрлік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!