Қызылшаны балалар мен әйелдерге несімен қауіпті? "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қызылша тез асқынады, сондықтан ғылыми мәліметтерге сәйкес қызылшаны жұқтырған әрбір 20 баланың біреуі пневмониямен ауырады. Бұл - жас балалардың арасында қызылшадан болатын өлімнің ең көп тараған себептерінің бірі. Қызылшамен ауыратын әрбір 1000 баланың шамамен 1-еуі энцефалит (мидың ісінуі - еск.) дамиды, бұл баланың құрысып қалуына немесе ақыл-ойының кемістігіне әкелуі мүмкін. Жүктілік кезінде қызылшаға қарсы вакцинаны алмаған жүкті әйел мерзімінен бұрын босанып немесе салмағы аз баланы дүниеге әкелуі әбден мүмкін,"- деді Манар Смағұл орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, бұған дейін "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК басқарма төрағасы Манар Смағұл Алматы студенттеріне қатысты сұраққа жауап берген еді.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!