Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов Астанадағы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекциясы басшысының қамауға алынғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство өкілінің пайымынша, басшының қаржы жымқыруы саланың ілгерілеуіне кесірін тигізеді.
"Әрине, мұндай әрекеттер спорттың дамуына кәдімгідей кедергі келтіреді. Істің мән-жайы құзырлы органдардың тергеу қорытындысынан кейін белгілі болады. Әділет болмаған жерде спорт дамымайды. Бюджет қаражатын жеке мүддеге пайдаланғандар - мемлекетке қарсы адамдар. Біз мұндай әрекеттермен күресеміз әрі болдырмауға тырысамыз", - деді Ербол Мырзабосынов.
Айта кетейік, кеше Қаржы мониторингі агенттігі Астанада олимпиадалық спорт түрлерін дамыту дирекция басшысының қамауға алынғанын мәлімдеген. Тергеу деректеріне қарағанда, ақша жымқыру 2020-2023 жылдар аралығында шетелде де, республика ішінде де оқу-жаттығу мен жарыстарға бөлінген іссапар шығындарын асыра көрсету арқылы жасалған.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!