Министрлік магистратура мен докторантурада оқу ақысын арттырмақ

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура мен докторантура ақысын арттырмақ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Bes.media-ға сілтеме жасап. 

Грант құны магистранттың оқу кезіндегі міндетті шығындарын жабуға мүмкіндік бермейді.

Мәселенің мән-жайы

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура мен докторантурада оқығаны үшін мемлекеттік грант сомасын ұлғайту мүмкіндігін әзірлеп жатыр.

Контекст

Бүгінгі таңда университеттерде магистратураның соңғы курсында екі апталық міндетті ғылыми тағылымдамадан өту үшін белгілеген сомалар шетелдік тағылымдаманы айтпағанда, Қазақстанда тұру мен тамақтануды, іссапар шығындарын толық жабуға жеткіліксіз (Қазақстанда 170 мың теңгеге дейін, ТМД-да – 200 мыңға дейін, шет елдерде – 290 мыңға дейін).

Министрдің ұстанымы

"Бұл қаражат жеткілікті болуы үшін, біз магистратура мен докторантура гранттарының ақысын қарастырамыз, өйткені ол қазір олар қазір бакалавриатты қаржыландырумен бірдей деңгейде", - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Грант қаншалық көбейеді? 

Бүгінгі таңда магистратура грантының құны қарапайым жоғары оқу орындары үшін жылына 920 мың теңге, ұлттық университеттер үшін 1,2 миллион теңге. Алдын ала бұл соманы 1,5 миллион теңгеге дейін арттыру ұсынылып отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!