БАҚ-та, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде зиянды жағдайларда жұмыс істеген азаматтар үшін алдағы уақытта 55 жастан бастап тағайындалатын арнайы әлеуметтік төлемдер үшін 7 жыл өтілі болу керек деген ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мұны жоққа шығарды.
"Қазіргі таңда арнайы әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылатын шарттардың бірі ретінде жұмыс берушінің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 7 жылдан кем емес міндетті кәсіби төлемдердің болуы қарастырылып жатыр", - делінген хабарламада.
Ведомство бүгінде мүдделі мемлекеттік органдармен, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің өкілдерімен бірлесіп, осыған қатысты тәсілдердің қарастырылып жатқанын хабарлады.
Әзірленген тәсілдер бойынша ақпарат БАҚ-қа және қоғамда қосымша хабарланады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!