- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Министрлік қайда қарап...
“Министрлік қайда қарап отыр?“. Әнші Бүркіт Мақпал Жүнісова туралы жазба жариялады
Танымал әнші Мақпал Жүнісованың желідегі видеосына қатысты өнер адамдары түрлі пікір білдіріп жатыр. Әнші Бүркіт те әнші әпкесі туралы ойын жария етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мақпал әпкеміз ерекше жан ғой. Қазақ эстрадасындағы ең қатты жақсы көретін Мақпал ханым бөлек адам", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында әншімен түскен видеосын жариялап.
Бүркіттің әлеуметтік желідегі оқырмандары да Мақпал Жүнісованы қолдап, жылы лебізін білдіріп жатыр.
"Молодец, ұлдар! Қолдау керек, қиын-қыстау кезде! Әпкеміз күйзеліп жүрген ғой!", "Мақпал апайды мақтау жүріп жатыр ма? Мақпал Жүнісова - қазақтың тарихында қалатын әнші ғой. Репертуары, ән таңдауы бөлек әнші, қарапайым әнші. Халық қай қатесін де кешіреді..." деп жазып жатқан оқырмандар бар.
Алайда кез келген оқиғада халықтың пікірі екіге жарылатыны белгілі. Мақпал Жүнісованың әлеуметтік желіде мас күйінде видео жариялағанын сынап жатқандар да кездеседі.
Әнші Бүркіт жариялаған видеоға: "Онсыз да қанша еркелігін көтеріп келеді ғой, сахнадан сән кетті. Қазақ елінің еңбек сіңірген әртісі қасықтап жинаған абыройын шелектеп төккені дұрыс болмады", "Не масқара мынау?! Арақ ішіп, елмен төбелескен әншілерді қорғаштайтын заман болды ма?!", "Депрессияда жүрсе емделсін. Туғаны, туысы бар. Сахнада жүрген жесір әнші жалғыз Мақпал ма?! Қаншама әйел баласын асырай алмай қиналып күн көріп жатыр, ауырып қаражатсыз жүр. Солар неге ішіп, өзінің "болмысын" көрсетпейді?! Бұл Мақпалдың болмысы", "Ерке қыз" есірді. Әр нәрсенің шегі бар. Ең болмаса бойжеткен қызының абыройын ойламағаны шектен шыққаны. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ па?", "Елдің мәдениетін қорғайтын Мәдениет министрлігі қайда қарап отыр? Бір емес, бірнеше қайталанды. Шара қолдану керек!" деп жазып жатқандар да бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, жақында Мақпал Жүнісованың мас күйінде жариялаған видеосы желіде қызу талқыға түскен болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева