Министрлік жол апаттарының себебін атады

Министрлік жол апаттарының себебін атады
Фото: depositphotos.com

Көлік министрлігі жүргізушілерге жолда мұқият болу керек екенін ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жүргізушілерге кеңес

Жазғы маусымға және республикалық маңызы бар жолдардағы, әсіресе, демалыс аймақтары мен өңіраралық бағыттардағы көлік қозғалысы артуына байланысты жүргізушілерге аса мұқият болу қажет екені айтылды:

  • Белгіленген жылдамдық режимін сақтау;
  • Шаршаған күйде көлік тізгініне отырмау керек,
  • Қозғалыс қарқыны жоғары учаскелерде және қараңғы уақытта ерекше сақтық таныту қажет.
  • Балаларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдігі мен балаларды ұстап тұратын құрылғыларды міндетті түрде пайдалану керек. 

Министрлік жол апаттарының себебін атады

Ведомство мәліметінше, жол апаттарының негізгі себебі - жүргізушілердің тәртіпті сақтамауы. Жол апаттарының 91 пайызы жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзуға байланысты болады.

Оның ішінде:

  • Жылдамдықты арттыру - 33 пайыз;
  • Көлік тізгініне ие бола алмау - 14 пайыз;
  • Арақашықтықты сақтамау - 13 пайыз;
  • Жол белгілерінің талаптарын елемеу - 10 пайыз.

Айта кетейік, биыл жол апатының саны 9 пайызға төмендеп, 1 371-ге дейін қысқарған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget