Министрлік жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттарын жариялады

Министрлік жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттарын жариялады

Елімізде таяуда іске қосылуы мүмкін жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары ұсынылды. Оның ережелері Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығында көрсетілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұсынылып отырған ипотекалық бағдарламаның жылдық мөлшерлемесі 11,5 пайыз көлемінде бекітілмек. Бұл бағдарлама арқылы баспана алатын азамат 20 пайыз алғашқы жарна төлеуі тиіс.

"Астана және Алматы қалаларында тұрғын үй сатып алу кезінде субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғары сомасы 35 миллион теңгеге дейін бекітіледі. Ал Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында 25 миллион, Қарағанды қаласында 20 миллион және басқа өңірлерде 15 миллион теңгеге дейін қаражат ұсынылады", - делінген бұйрықта.

Қаржы орталық мемлекеттік органдарда тіркелген, лицензиясы бар екінші деңгейлі банктер арқылы беріледі.

Ипотеканың ең ұзақ мерзімі - 10 жыл.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова