Министрлік ең төменгі жалақы өсетінін жариялады

Министрлік ең төменгі жалақы өсетінін жариялады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова елімізде ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мөлшерін арттыру бойынша Үкіметтің жоспарын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысы аясында министр 2024 жылы ведомство алғаш рет ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесін бекіткенін айтты. Бұл әдістеме еңбек өнімділігін, нарықтағы медианалық жалақыны және инфляция деңгейін ескереді.

"Қазір бірнеше институт еңбек өнімділігі, медианалық жалақы бойынша өңірлік және салалық бөліністе нақты көрсеткіштерді қамтамасыз ету мақсатында зерттеу жүргізіп жатыр. Осы деректер ЕТЖ-ні есептеу негізі болады", – деп түсіндірді Жақыпова.

Министрдің айтуынша, нақты сан зерттеу аяқталғаннан кейін белгілі болады.

"Зерттеуді жыл аяғына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", – деп түйіндеді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget