- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министрлік Абай облысында...
Министрлік Абай облысында күшейген желден қауіп көріп отыр
Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов Абай облысындағы жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бүгінгі тікұшақпен барлау жұмыстарының нәтижесінде жағдайдың тұрақталғаны байқалады.
"Бірақ екі елді мекенде өрттің ыстық нүктелері анықталып жатыр. Бұл бойынша жеке құрам, барлық техника жұмылдырылды. Тікұшақпен су төгу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр", - деді ол.
Ол сонымен бірге қазір кешеге, алдыңғы күнге қарағанда жел күшейіп келе жатқанын мәлімдеді.
"Жел жай жанып жатқан отты қайта күшейтіп жіберу қаупі бар. Сондықтан бүкіл күш-құралдарды мүмкіндігінше өртті сөндіруге ат салысамыз. Барлығы бақылауда", - деді Нұрболат Дербісов .
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан