Министрлік Louis Vuitton бренді Қазақстанның матасын қолданатынын айтты

Министрлік Louis Vuitton бренді Қазақстанның матасын қолданатынын айтты
Фото: depositphotos.com

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Louis Vuitton мен Gucci брендтері қазақстандық мақтадан жасалған маталарды пайдаланады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, Түркістан облысындағы "Тұран" арнайы экономикалық аймағында құны 146,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу кешені салынады. 

"Мақта кластерін дамытуға бағытталған өнеркәсіп кешенінің құрылысын Xinjiang Lihua (Group) Co., LTD компаниясы жүргізеді. Жобаның маңызды артықшылығы - компанияның Louis Vuitton және Gucci сияқты сән индустриясының алыптарымен тікелей ынтымақтастығы болып табылады. Алдағы уақытта Түркістанда жасалған тігін жіптері мен маталар осы брендтерге сатылады", - делінген хабарламады. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, толық циклді тоқыма фабрикасында иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу сияқты 11 цех болады. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева