- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министрлердің, депутаттар мен...
Министрлердің, депутаттар мен әкімдердің жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жарияланды
Фото:
tengrinews.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий жарияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Н. Үсенова"Үкімет пен депутаттар, әкімдердің еңбекақылары, шығыс туралы баптар мәселесі өткен жылдың соңында талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп санаймын. Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер мұны түсінеді деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілерге жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз", - деді Президент.