"Министрге тікелей айттым". Сейсмолог Таңатқан Абақанов Алматыда жер сілкінген күні өзін алаңдатқан мәселені атады

ҚР құрметті құрылысшысы, академик, сейсмолог Таңатқан Абақанов "Massaget" ютуб арнасына берген сұхбатында жер сілкінісі болғаннан кейін министрлікке хабарласқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Өмірімді халықты зілзаладан сақтауға арнаған адаммын. Бір полковник халықты дүрліктіріп "далаға шығыңдар тез, кірмеңдер" деген кезде мен шошып кеттім. Өйткені 14 градус аяз болды. Бала шағаларымен, кейбіреулері көйлек кимей майкамен шыққан жігіттер де болды. Дір-дір етіп, 5-6 минуттың ішінде өкпелері қабынып, салқын тиіп қалуы ықтимал еді. Осыны байқап отырып "халықты не қылмақшы" деп ойладым. Өйткені халық осылай сыртта тұра берсе қала қырылып қалады. Сөйтіп министрмен хабарластым, министрге тікелей айттым. Өзіңіздің құзырыңызбен анық ақпарат беріңіз, халықты дүрліктіріп далаға шығармасын дедім", - дейді сейсмолог Таңатқан Абақанов. 

Айта кетейік академик жер сілкінісі болған сәтте халықты алғаш болып тынышталуға шақырғандардың бірі болатын. Ол Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында: 

"Бұл жер сілкінісі транзиттік. Эпицентрде (Қырғызстанда – шамамен) жер бетіндегі қарқындылық шамамен 8-9 баллды құрады. Алматы қаласында қарқындылық 5 баллға жетті. Магнитудасы шамамен 7. Бұл жер сілкінісі Алматы қаласына ешқандай қауіп төндірмейді", - деген еді. 


Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!