- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министрге ақша жинау?...
Министрге ақша жинау? ТЖМ даулы мәлімдемеге қатысты пікір білдірді
Төтенше жағдайлар министрлігі Түркістан облысында қызметкерлерден ақша жиналды деген айыпқа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Зуялхан Гасановтың Түркістан облысының құтқарушыларынан Төтенше жағдайлар министріне ақша жинау туралы мәлімдемесіне қатысты. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, бұл - бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру", - делінген хабараламада.
ТЖМ мәліметінше, бұған дейін Зуялхан Гасанов (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын.
"Айта кетейік, ер адам қазір азаматтық қорғау органдарының қызметкері емес, өйткені биыл мамырда теріс әрекеттерінен жұмыстан шығарылды. Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады. Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір дерек бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады", - делінген жауапта.
ТЖМ өкілдері сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараны жүзеге асырады және анықталған әрбір дерек бойынша шаралар қабылдап жатыр.
"ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының ТЖ департаментіне хабарлаймыз. Біздің министрліктің барлық қызметкері үшін WhatsApp мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі + 7 747 651 75 88 жұмыс істейді, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болады. Өтініштің құпиялылығы сақталады", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек