Қазақстанда студенттердің стипендиясы өседі. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы екі есеге, магистранттардың стипендиясы бір жарым есеге өседі", - деді министр.
Ведомство мәліметінше, 2020 жылы бакалавр студенттері 26 мың, докторанттар 150 мың теңге алса, 2022 жылы бакалавр студенттері 36 мың, докторанттар 172 мың теңге алған. Ал 2025 жылға дейін студенттер 52 мың, докторанттар 262 мың теңге алады.