- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Саясат Нұрбектің...
Министр Саясат Нұрбектің үстінен 22 абитуриент арыз түсірген
Биыл мектеп түлектері Ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен 22 арыз түсірген. Бұл туралы министр Саясат Нұрбек мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазір Астана әкімшілік сотында бір ғана іс қалды, 19 қыркүйек күні бірінші отырысы өтеді. Бірақ сол сотқа берген талапкер Нархоз университетінің грантын да, мемлекеттік грантты да алған. Сондықтан соттың шешімін күтеміз", - деді ол.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда сотқа жүгінген түлектердің барлығы грант иеленген. Еске салсақ, биыл су басқан өңірлерге квота бөлінгендіктен ҰБТ-дан жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмай қалған түлектер әлеуметтік желіде өз наразылықтарын білдірді. Олардың бірқатары Ғылым және жоғары білім министрлігін сотқа берген болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет