Министр Саясат Нұрбек брифингке плакат ұстай келді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары оқу орнына түсу кезінде баспана мәселесіне тап болған студенттер қайда жүгіне алатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Үкіметте жаңа оқу жылына дайындық мәселесі кеңінен талқыланды. Екі бейінді министрлік өкілдері осы тақырыпта брифинг өткізді.

Министр Саясат Нұрбек сөз алып, БАҚ пен азаматтарды бір ақпаратты таратуға көмектесуге шақырды.

"Ақпаратты таратуға көмектесіңіздер: бұл - біздің Алматыдағы ахуалдық орталығымыз. Оқуға келген кез келген студентте жатақханаға қатысты мәселе туындаса, осында жүгіне алады, кейін біздің мамандар оған қолдау көрсетеді", - деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Видео кадры

Плакатта Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті базасындағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету жөніндегі республикалық ахуал орталығының байланыс нөмірлері көрсетілген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!