- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Sadraddin-нің концертінен...
Министр Sadraddin-нің концертінен кейін Нұр-Сұлтан тұрғындарына ескерту жасады
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында әнші Sadraddin-нің Нұр-Сұлтандағы концертінің суретін көрсетіп, астаналықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
"Қызыл" аймаққа көшу және шектеу шараларын енгізу бизнес пен тұрғындардың профилактикалық шараларға деген ұстанымына тікелей байланысты. Бірақ слайдтан көріп отырғаныңыздай, "сары" аймақта орналасқан Нұр-Сұлтанда көпшілік жиналған жабық орындарда жаппай шаралар өтіп жатыр. Бұл ретте медициналық бетперде тағу және әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша ұсыныстар орындалмайды, бұл елордада инфекцияның одан әрі таралуына әкелуі мүмкін", - деді Ғиният.
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрлігі басшысы көрсеткен слайд
Сурет 31 шілдеде елордалық "Хан шатыр" сауда орталығында қазақстандық әнші Sadraddin-нің (Садраддин Болат) тегін концерті кезінде түсірілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін концертте болған оқиға туралы хабарланған болатын. Әртіс сахнадан кеткеннен кейін дүрбелең пайда болған. Көпшілік Садраддинге жақындап, суретке түскісі келді. Видеода әншінің бас киімін жұлып алғаны, күртешесі де созылып кеткені көрінеді.
Г. Досымшалова