- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр пәтерінен қуылғандарға...
Министр пәтерінен қуылғандарға қалай көмектесуге болатынын айтты
Премьер-министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев пәтерінен қуылғандарға қалай көмектесуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ең алдымен, Жамаубаев пәтерінен шығып қалып жатқан азаматтарға қалай көмектесуге болатынын айтты.
"Мұндай жағдайда қағаз түрінде келісімшарт жасау керек. Келісімшарт болса, құқығы тапталса олар бірден сотқа жүгініп, бәрін сот арқылы шеше алады. Ал егер мемлекет тарапынан тексеру қажет болса, Мемлекеттік кірістер комитеті бәрін тексереді. Егер заңда көзделген тәртіпке сай болса, әрине, пәтер жалдап отырған азаматтарды жайдан-жай шығарып тастауға ешкімнің құқығы жоқ. Көп жағдайда келісімшарт ауызша жасалады, ақша да қолма-қол беріле салады және бұл жағдайда заң бойынша ештеңе дәлелдей алмайсың", - деді Жамаубаев.
Сондықтан, Ерұлан Жамаубаев азаматтар пәтер жалдар алдында құқығы тапталмауы үшін бірнеше айға келісімшарт жасап қоюға кеңес берді.
"Сол кезде ешкім бағаны да көтере алмайды, ешкім қуып та жібермейді. Сіз сотқа жүгіне аласыз, сол кезде пәтерді беріп отырған адам кірісінен салық төлейді. Егер келісімшарт болмаса тексеру де қиындайды, Мемлекеттік кірістер комитеті де анықтай алмайды. Бәрі заң аясында болса біз өз азаматтарымызды қорғауға толықтай дайынбыз", - дейді Жамаубаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина