Министр Мұрат Нұртілеуге қатысты жалған ақпарат: ресми қызмет мәлімдемесі

БАҚ-та премьер-министрдің орынбасары - cыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ұсталғаны туралы жалған ақпарат тарап кетті. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы жайтқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Гүлнар Бажкенованың (Orda және Bazhkenova vs.) ресурстарында тараған Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, орталық азаматтарға ескерту жасады.

"Әдейі жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіріп, болып жатқан оқиғаларға бұрмаланған көзқарас қалыптастырады. Азаматтарды сақ болуға және тек ресми, тексерілген дереккөздерге сенуге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгін СІМ басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!