Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасының енгізілуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында соң вице-премьерге "Қазақстанда 4 күндік жұмыс аптасы енгізілгені хабарланған. Қазір бұл мәселе қандай деңгейде? Мүмкіндікті кімдер пайдалана алады?" деген сауал жолданды.
Вице-премьер бұл норма заңда барын, қай саланың мамандары бұл мүмкіндікті пайдала аланатын айтты.
"Бұл мәселені қарастырдық, Еңбек кодексінде ол бар. Бұл - жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы өзара қатынас. Мысалы, қыста қонақүйлер қызметкерге 4 күн жұмыс істеуге мүмкіндік бере алады. Алайда туристер көп келген кезде жұмыс аптасын 6 күнге ұзарта алады. Бірақ 40 сағаттық жұмыс аптасы сақталуы шарт.
(4 күн жұмыс аптасы негізінде - автор) қызмет көрсету саласы мен туризм, қонақүй бизнесі жұмыс істей алады", - деді Тамара Дүйсенова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз