- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Қазақстанға қанша...
Министр Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Қазақстанға қанша ресейлік келгенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"200 мыңға жуық ресейлік Қазақстанға кірді. Оның 147 мыңы елден шығып кетті", - деді министр Үкімет отырысының кулуарында.
Ал цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин журналистерге 70 мыңнан аса РФ азаматы ЖСН алғанын айтты.
Айта кетейік, Ресейде 21 қыркүйекте ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін Қазақстанға Ресейден келетіндер саны көбейген. Шекарада ұзын сонар кептеліс болып, пәтер жалға алу қиындай түскен еді. Бүгінде шекарада ресейліктер легі азайып, жағдай тұрақтанған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина