- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр "Қазақстан" шахтасындағы...
Министр "Қазақстан" шахтасындағы өрт бойынша толық және объектив тергеу жүргізуді тапсырды
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 24 тамызда Қарағандыда Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың төрағалығымен "Қазақстан" шахтасындағы өрттің салдарынан болған топтық жазатайым оқиғаны тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияның кеңесі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Сырым Шәріпханов тартылған сарапшыларды қажетті материалдармен, жобалау-техникалық құжаттамамен қамтамасыз етуді тапсырды.
Шахтада өрт ошақтарын сөндіру және авариялық учаскеде гипс бөгеттерін салу жұмыстары жалғасып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан