Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният уланып қалған Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тоғыз тәрбиеленушісі жатқан облыстық клиникалық аурухананың инфекция орталығына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ажар Ғиният төрт пациент ауыр жағдайда жатқан реанимация бөлімшесінде болды. Олардың барлығы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Осы клиникада 10-15 жас аралығындағы тағы бес бала нейробоксирленген бөлімшеге жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр.
Одан әрі ведомство басшысы реанимация бөлімшесінде медициналық-әлеуметтік мекемеден түскен тағы екі пациент жатқан қалалық балалар ауруханасына барды.
Министр өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшыларымен бірлесіп медициналық көмек көрсету жағдайларын қарап, емдеу процесін және балалар ауруының себептерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізуді бақылауға алды.
Мамандардың айтуынша, анықталған санитариялық-гигиеналық бұзушылықтар балалардың жекелеген тобының жіті ішек инфекцияларын тудыруы мүмкін емес. Пациенттердегі клиникалық белгілер тамақтан улануға тән емес, мұнда қайта-қайта құсу, іштің жиі өтуі, кейде қан аралас іштің өтуі, сусыздану байқалады.
"ЖІИ үшін эпидепроцесс көріністерінің тән спектрі жоқ: қысқа уақыт ішінде жағдайлардың жаппай тіркелуі, барлық жастағы адамдардың, әсіресе жас балалар мен барынша әлсіреген балалардың инфекцияға бейімділігі, порцияның көлеміне және жұқтырған агенттің алынған дозасына қарай бір өнімді тұтынумен байланысты", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бүгінгі таңда тергеу жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды.
Қажет болған жағдайда балалар республикалық ұйымдарға ауыстырылады.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында бірнеше бала уланып, бір бала көз жұмғанын хабарлаған едік. Кейін бұған қатысты тергеу басталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!