Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жемқорлардан алынған 60 млрд теңге жұмсалмағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет басшысының орынбасары жемқорлардан 150 млрд теңгеден аса қаражат алынғанын, қомақты қаржы арнайы шотқа түскенін атап өтті.
"Қателеспесем, шоттан 62 мектепті салуға қаражат бөлінді. Еліміздің әрбір аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат бөлінді. Бірақ қаражаттың барлығы бөлінбеді. (Мектептерді салуға) 90 млрд жуық теңге бөлінді. (Шотта) 60 млрд теңгеге жуық қаражат бар. Апатты және үш ауысымды мектептер болса, оларды жөндеуге өтінім түссе, қалған ақшаны бөлу жағын қарастырамыз. Республикалық бюджет комиссияның шешімімен қаржы бөлінеді", - деді қаржы министрі Мәжіліс кулуарында.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!