- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр жатақханадағы орын...
Министр жатақханадағы орын тапшылығы қалай шешілетінін айтты
Қазақстанда қиын жағдайға түскен оқушыларға жатақханадан қосымша орын беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Qazaqstan телеарнасындағы "Жедел желі" бағдарламасында айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі таңда бос тұрған немесе жартылай бос тұрған бүкіл қонақүй, хостелдермен келісімшарттарға отырып, айына 20-25 мың теңгеге жеңілдетілген ақымен жатақханаға сыймаған студенттерге жеңілдік беріліп жатыр.
"Екіншіден, жаңа оқу жылынан бастап, яғни өткен аптадан арнайы штаб құрдық. Ол штаб Сәтбаев университетінің екінші жатақханасында орналасқан. Бірінші курс студенттері, әлеуметтік осал топтағы студенттер, сондай-ақ жалдауға пәтер таба алмаған немесе қиын жағдайға түскен студенттер штабқа жүгіне алады. Штаб 24 сағат бойы жұмыс істейді. Осындай жағдайларды бірден шешуге тырысамыз. Қиын жағдайға ұшыраған студенттерге орын да тауып береміз. Жоғары оқу орындарымен келісіп, оларды орналастыруға тырысамыз. Штаб қыркүйектен бастап жұмыс істеп жатыр", - деді министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Құлтай