- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Жаслан Мәдиев:...
Министр Жаслан Мәдиев: “Қазақстандық әйелдің ғарышқа ұшқанын қалаймыз“
Фото:
primeminister.kz
Ғарышқа ұшатын төртінші қазақстандық әйел болуы мүмкін. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз ғарышқа тағы бір азаматымыздың ұшқанын қалаймыз. Ол әйел адам болса тіптен керемет", - деді министр Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, Қазақстан бұл мәселе бойынша ірі компаниялармен және елдермен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ол сұхбат барысында ғарышкер ұшыру көп шығынды талап ететінін де ескертті.
"Қазір әртүрлі бағалаулар бойынша бір ғарышкерді ғарышқа жіберу үшін 40-60 миллион доллар қажет", - деді Жаслан Мәдиев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева