Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Абай облысындағы өрттің салдарына жұмсалған шығын туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Өрт трагедиясының салдарын жою үшін есеп әлі жүргізілген жоқ, өйткені өрт әлі толық ауыздықталмады. Бұл үшін Үкіметтің де, Абай облысының да резерві бар. Нақты сандар болғанда, айтамыз", - деп түсіндірді ведомство басшысы Сенат кулуарында.
"Яғни, бүгінде Үкімет қазынасынан Абай облысына бір тиын да жұмсалмады ма?" - деді журналистер.
"Жоқ. Жұмсалған жоқ (ел бюджетінен қаражат - еск.). Есеп жүргізілмегеніне қарасақ", - деді Ерұлан Жамаубаев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!