- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Дархан Қыдырәлі...
Министр Дархан Қыдырәлі ерлі-зайыпты журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ерлі-зайыпты журналистердің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясы қарсаңында БАҚ өкілдері министрден Алматыда журналистер Владимир мен Наргиза Северныйдың қамауға алынуына қатысты пікір білдіруін сұрады.
"Біз әрқашан журналистердің құқығын қорғап келдік. Кейбір әріптестерге журналистік қызметіне қатысты емес айып тағылды. Ал онда барлығы тергеу аясында жүріп жатыр, ақпарат болса айтамыз, тиісті органдардан сұраймыз. Оларға айып журналистік қызметі үшін тағылған жоқ", - деп жауап берді Дархан Қыдырәлі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда журналистер Владимир мен Наргиз Северный ұсталғанын хабарлаған едік. Алматы сотының баспасөз қызметі өкілдері Владимир Северныйдың екі айға қамауға алынғанын хабарлады. Ал әйелі Наргиз үйқамаққа алынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек