Министр баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты

Министр баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылы қарсаңында баласының мектеп формасына қанша ақша жұмсағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz .

Журналистердің сұрақтарына жауап берген министр демалыс күндері баласымен бірге дүкенге барғанын айтты.

"Бірнеше ақ көйлек, шалбар, костюм, галстук алдық. Балам жаңа оқу жылына дайын. Барлығына 35 мың (теңге) шамасында кетті", - деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, дүкенге келушілер көп болған. 

"Біз де басқалар сияқты кезекте тұрдық, киіп көрдік, 36-өлшемдегі киім алдық. Барлық отбасы сияқты біз де мектепке дайындықты бастадық", - деді министр.

Ж. Қадыржанова