- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Балаева Мәди...
Министр Балаева Мәди Ахметовтің жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мәжілістің экс-депутаты Мәди Ахметовтің жақында жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жастар саясаты - сіздің салаңыз. Мәди Ахметов Алматы облысының жастарына не үйрете алады?" - деп сұрады ОКҚ брифингінде журналистер.
Министр бұл сұраққа күліп жауап берді. Ол адамның кәсіби қасиеттері мен саяси көзқарасын ажырату маңызды екенін айтты.
"Менің ойымша, біз ажырата алуымыз керек сияқты, өйткені біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз (...) Жеке азаматтар - сол немесе басқа партияның, қоғамдық қозғалыстың мүшесі. Сондықтан, әрине, бұл жерде кәсіби қызмет пен саяси көзқарасты ажырата алу керек. Кәсібилік тұрғысынан алғанда, Мәди Ахметов осындай жауапты қызметке шақырылғаны қарағанда жақсы деңгейдегі маман шығар", - деп жауап берді Аида Балаева.
Еске салайық, бұған дейін Мәди Ахметов Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалғанын хабарлаған едік.
Кейін бұл туралы пікір білдірді.
"Қадірлі достар! Бүгіннен бастап Алматы облысы Жастар саясаты басқарма басшысы қызметіне кірістім. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік. Өз жұмысымда өңір жастарының әлеуметтенуіне, жан-жақты дамуына қолайы жағдай жасауға бар күшімді салатын боламын. Алда атқарар ортақ ісіміз баянды болсын!", - деп жазды Мәди Ахметов Instagram-дағы парақшасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек