- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Балаева атышулы...
Министр Балаева атышулы петицияға қатысты пікір білдірді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 150 мыңнан аса қол жинаған тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қарсы петиция туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балаева Facebook-парақшасында Қазақстанда 2024 жылғы сәуірден бастап онлайн өтініштер беруге арналған арнайы платформа жұмыс істей бастайтынын айтты.
"Қоғамдық бақылау туралы" заңға сәйкес бұл өтінішке сипатталған процедуралар шынымен де қолданылмайды. Дегенмен кез келген пікір мемлекет үшін өте маңызды, біз халықтың пікіріне құлақ асамыз. Әсіресе, ол денсаулық пен адам өміріне қатысты болса. Қазақстан халқының осындай ауыр тақырыптағы қалауын елемеу мүмкін емес", - деп жазды мәдениет және ақпарат министрі.
Балаеваның айтуынша, 6 желтоқсанда үкімет деңгейінде тұрмыстағы зорлық-зомбылық тақырыбы бойынша талқылау өткен. Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінде тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күресу шаралары да талқыланды. Сонымен қатар, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия осы тақырып бойынша Кешенді жоспар әзірлеп жатыр.
"Тағы да қайталап айтамын: мемлекеттік органдар өтінішті тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күресу саласында жұмыс істеген кезде ескеретін болады. Біз осы петицияға бастамашы болған бірқатар сарапшымен тұрақты байланыстамыз және олардың пікірін ескереміз", - деді Балаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек