- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Бағдат Мусин...
Министр Бағдат Мусин ұлы үшін қобалжып тұрғанын айтып, оған сәттілік тіледі
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің ұлы Білім инновация лицейіне (бұрынғы Қазақ-түрік лицейіне) оқуға түсу үшін емтихан тапсырып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр Facebook-тегі парақшасында ұлы үшін өзі де қобалжып тұрғанын жазып, оған сәттілік тіледі.
"Алдияр баламызды өзім білім алған КТЛ-ға оқуға түсу үшін емтиханға әкелдік. Ұзақ жол, белестер, небір шыңдар әлі алда, бірақ үлкен жеңістер алғашқы қадамнан басталады. "Баласы бәйгеге шапқанда, ата-анасы тақымын қысады" дегендей, кішкене өзімде де қобалжу бар. Сәттілік тілеймін, балам!", - деп жазды министр Бағдат Мусин.
Министрдің оқырмандары да оның ұлына сәттілік тілеп жатыр. Олар "Сіздің баланызды алмағанда, кімді алады?!" деп жазған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан