- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Бағдат Мусин...
Министр Бағдат Мусин қызметінен кететіні рас па?
Желіде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин басқа қызметке ауысатыны туралы ақпарат тарады. Министрліктің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі бүгінгі күні өз қызметінде. Таралып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Айта кетейік, Мусин бұл қызметке 2020 жылдың 2 қыркүйегінде тағайындалған болатын.
Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.
2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды. 2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина