• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Министр ата-аналарға соңғы қоңырауға байланысты үндеу жасады

Министр ата-аналарға соңғы қоңырауға байланысты үндеу жасады
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Биыл соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді, күні ауыспайды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр ата-аналарды мектептегі салтанатты шарада шамадан тыс шашылмауға, балаларды да ысырапқа үйретпеуге шақырды.

"Балаларымызды ақшаны орынсыз жұмсауға үйретпеуіміз керек. Мектеп - тәрбиенің көзі, өсіп келе жатқан ұрпаққа үлгі. Ата-аналар болып мейрамхана мен кафелерді ұйымдастырып жүрсек, онда қандай ұрпақ тәрбиелейміз? Сондықтан қарапайым, үнемшіл болуымыз қажет. Барлық қаражатты балалардың әл-ауқатына жұмсаған жөн", – деді Бейсембаев Мәжіліс дәлізінде.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтетіні хабарланды. Көктемгі демалыста мектеп оқушылары 11 күн демалады.

III тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ тоқсан болып саналады, ол 10 оқу аптасына созылады.

IV тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Ол 8 оқу аптасына созылады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget