- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Астанадағы өртті...
Министр Астанадағы өртті сөндіруге екі апта уақыт кетуі мүмкін екенін айтты
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Астана маңындағы өрттің әлі екі апта бойы өшірілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі жағдай тұрақты, кеше сағат 21.00-де өрт аумағы оқшауланған.
"Онда біраз жылдардан бері жиналып қалған құрғақ қамысты өрт шалған. Жел екпіні күшейе қалса, бықсыған қалың шөп қайта өртенуі мүмкін", - деді министр.
Ол өртті толықтай өшіру үшін шамамен бір аптадан аса уақыт қажеттігін алға тартты.
"Бізге әлі бір-екі апта уақыт керек болады. Мұның барлығы табиғи факторларға байланысты. Әрине, өртсөндірушілердің жұмысы мен жауын жауса, өртті толықтай өшіруге ықпал ететіні анық", - деді Сырым Шәріпханов.
Министр тілшілер сауалына орай, ведомствоға қарасты өрт сөндіруге арналған 30 тікұшақ бар екенін жеткізді.
"Расында, тікұшақтарды көбейту керек болып тұр. Бұл бағытта тиісті қадамдар жасалып жатыр, жол картасы ескерілген. Бұрын осындай алапат өрт болмаған бізде. Еліміздегі өртке қатысты ахуалға қарай, қажет техника санына есептеу жүргіземіз", - деді ол.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан