- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр әскерден жалтарған...
Министр әскерден жалтарған ресейліктер қандай жағдайда еліне қайтарылатынын айтты
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов әскерден жалтарған ресейліктер қандай жағдайда еліне қайтарылатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бізде Ресеймен құқықтық көмек көрсету, сотталғандарды алмастыру және қылмыскерлерді экстрадициялау бойынша шарттар бар. Бізде де, Ресей Федерациясында да ең маңызды қағида - қылмыстық іс. Сонымен қатар, іздестіру жарияланған жағдайда оларды анықтап, Ресейге экстрадициялау тәртібі бойынша қайтарамыз", - деп жауап берді Марат Ахметжанов.
Министр сөз Ресейдің мобилизацияланған азаматтары туралы емесін айтты.
"Бұл қылмыстық құқықбұзушылық болса, бүгінде күн сайын Ресей тарапынан да, біздің тарапымыздан да Минск конвенциясы аясында және біздің парламенттер ратификациялаған құқықтық көмек көрсету аясында жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәселе мобилизация туралы емес, мен тіркелген, санкцияланған және халықаралық іздеу жарияланған қылмыстық құқықбұзушылықтар туралы айтып отырмын. Әскери комиссариаттар іздейтін болса, бұл оларды қайтаруға құқықтық негіз саналмайды", - деп түйіндеді Қазақстан ІІМ басшысы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова