- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Әрінов елдегі...
Министр Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады
Фото:
видеодан алынған кадр
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов елдегі су тасқынына байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр жағдайды жеке бақылауына алғанын айтты.
"Кеше республика бойынша су тасқыны жағдайының күрделенуіне байланысты министрліктің барлық бөлімшесі күшейтілді. Өңірлерде әкімдіктермен бірлесіп, су басуға қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр. Қосымша күштер мен құралдар ең күрделі аймақтарға бағытталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жедел желі телефоны жұмыс істейді. Қазіргі уақытта су тасқыны салдарын жою бойынша жедел ден қоюдың барлық қажетті шаралары қабылданып жатыр", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан