- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр арасында әншілер...
Министр арасында әншілер мен шенеуніктер жүрген "Айканың тізіміне" қатысты пікір білдірді
Бүгінде Ішкі істер министрлігі "Айканың тізімі" бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Адамның жеке мәліметін жариялағаны үшін жауапкершілікті күшейту мәселесін қарастыруға болады. Бұл туралы әділет министрі Азамат Есқараев айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз орталығында журналист министрге "Ішкі істер органдары резонс тудырған істерде қазақстандықтардың жеке дерегін жариялап жібереді. Мысалы, қоғамда қызу талқыланған "Айканың тізімін" алайықшы. Онда қыздар мен клиенттердің деректері жарияланды. Мұндай жағдай жиі болып тұрады. Мұнымен қалай күресуге болады? Өйткені, мұның салдарын қазақстандықтар тартып отыр. Жауапкершілікті күшейту керек пе?" деп сұрақ қойды.
Азамат Есқараев бұл дерек бойынша ІІМ тексеріс жүргізіп жатқанын жеткізді.
"Менің білуімше, БАҚ-та (деректер жарияланған соң) тиісті тексеріс жүріп жатқаны туралы ақпарат жарияланды. Менің ойымша, тексерістің қорытындысын күту керек. Менің түсінуімше, Ішкі істер министрлігі тиісті тексеріс жүргізіп жатса, олар да бұл мәселеге алаңдап отыр ғой. Жазаны күшейту бойынша мәселені зерделеу керек шығар. Бұл мәселені қарастыруға болады", - деді ол.
БАҚ өкілі "Сіздің ойыңызша, мұндай қызметті (жезөкшелік- автор) заңдастыру бола ма?" деп сауалын нақтылады.
"Енді (жезөкшелікті - автор) заңдастыруға қатысты. Мұндай мәселені қарастырып жатқан жоқпыз", - деп министр сұраққа қысқа жауап берді.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz