- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр Әлназарова өзінің...
Министр Әлназарова өзінің брендтік заттарының бағасы туралы сұраққа ашық жауап берді
Бүгін үкіметте журналистер денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан Dolce & Gabbana-дан көйлектер мен Instagram-дағы парақшасында фотосуреттеріндегі басқа да брендтік заттарды сатып алу үшін қанша табыс табу керегін сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Жалпы мен соншалықты жанкүйермін деп айтпаймын. Гардеробым үлкен де емес. Фотодағы сөмке - орташа статистикалық қыздың қалтасы көтеретін сөмке, 250 мың теңге тұрады. Ал аз көйлегімнің бірін демалысақымның ақшасына алдым. Мен мұны мерейтойыма орай алдым", - деп жауап берді Әлназарова.
Журналистер шенеуніктен министр болғаннан кейін жалақысы қалай өзгергенін де сұрады.
"Мен әлі жалақымды алған жоқпын, бірақ менің ойымша, бұл осы шамадан аса көп емес", - деді Әлназарова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан