Жаңадан сайланған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қазақ тілін жарты жылда үйреніп алуға уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы министр Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап беру барысында айтты.
"Әрине, мен ана тілімді білемін. Бірақ тілді білу деңгейімді көтергім келеді. Маған жарты жыл уақыт беріңіздер. Мен қазақша барлық сұрағыңызға жауап беремін", - деді Сәтқалев.
Еске салайық, Алмасадам Сәтқалиев 4 сәуірде энергетика министрі болып тағайындалған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!