Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қарағандылық жас палуан, джиу-джитсу бойынша күресетін Ілияс Балтағазыға Алғыс хат жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 жастағы спортшы татамидегі шеберлігінің арқасында әлеуметтік желі жұлдызына айналған.
Ілияс джиу-джитсу күресімен 2017 жылдан бері айналысады. Алты жыл ішінде ол Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, Азия чемпионы және Абу-Дабидегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Министр жас спортшының жетістіктерін атап өтіп, болашақта одан әрі жеңіс тіледі.
"Қазақ спортының болашағы Ілияс сияқты жас таланттармен байланысты. Ол біздің елімізді халықаралық деңгейде абыроймен таныстырып үлгерді, оған қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, әлем чемпионы болуды, содан кейін Қазақстанға Олимпиаданың алтын медалін әкелуді тілеймін", - деді Асхат Оралов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!