Министр ажырасу көбейгенін айтып дабыл қақты

Министр ажырасу көбейгенін айтып дабыл қақты
Фото: depositphotos.com

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Қазақстандағы отбасылық-неке қатынасының дағдарысы туралы мәлімдеді. Мұны статистика да қуаттайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілістегі Үкімет сағат кезінде Ерлан Сәрсембаев Қазақстандағы ажырасу саны бойынша жағымсыз статистиканы келтірді.

"Былтыр 61 080 ажырасу дерегі тіркелді, бұл - тіркелген некемен салыстырғанда (124 774) жартысына жуығы. Кейбір мемлекеттік органдар отбасы институтын нығайту және балалардың мүддесін қорғау бойынша кешенді жұмыс жүргізуге тиіс деп санаймыз. Бұл жағдай министрліктің ерекше бақылауында", - деді ол.

Министрдің айтуынша, қоғам бүгінде бұрынғы құндылықтардан ажырап бара жатыр.

"Статистика әрбір екінші неке бұзылып жатқанын көрсетеді. Мұнда отбасы, ең алдымен балалар зардап шегеді. ..."Қызыл" аймаққа кірген алиментке міндетті 12 мың адам бар. Олармен жеке сот орындаушылары жұмыс істеп жатыр. Заңнамалық тұрғыдан алғанда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке дейінгі тетіктер жұмыс істейді. Бірақ бұл мәселенің шешімі емес екенін біз де түсінеміз", - деді Ерлан Сәрсембаев.

Ал Ұлттық статистика бюросының ресми деректеріне сүйенсек, қазақстандықтар шаңырақ көтеруге асықпайтын болған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget