- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Министр 4 ай...
Министр 4 ай комада жатқан сарбаздың денсаулығы туралы айтты
Денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова Алматыда әскери бөлімде 4 ай комада жатқан сарбаз Ербаян Мұхтардың денсаулығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ербаянның жағдайы бақылауда. Тиісті көмекті көрсетіп жатырмыз. Қазір оның жағдайы ауыр. Сіздер айтқан қосымша күтім көрсету мәселесін қарастырамыз. Қосымша (күтім көрсететін) персонал керек болса, қамтамасыз етеміз", - деді Ақмарал Әлназарова Астанада Парламенттің бірлескен отырысынан соң.
Еске салайық, Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде сарбаз Ербаян Мұхтар құлап, комаға түскен еді. Ол 4 айға жуық уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатып, биыл мамырда есін жиған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Есен