Ақтауда студенттерді алдаған алаяқ сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күдікті Ақтау қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерінің сеніміне кіріп, ақшалай сыйақы үшін олардың оқу үлгерімін жақсартып, емтихандардан жоғары баға алуға көмектесуге уәде берген.
Ол осы сылтаумен студенттердің 90 мыңнан 1 миллион теңгеге дейінгі қаражатын иемденген. Алайда уәде еткен міндетін орындамай, қаражатты қажетіне жұмсаған.
Сот үкімімен Д. алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Ақтау қаласының прокуратурасы ақылы "көмек" ұсынатын, баға қойып беруге, емтиханнан өткізуге немесе өзге де мәселелерді шешіп беруге уәде ететін адамдарға сенбеуге шақырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!