Миллион теңге пара және ұн жеткізу: СҚО ҚАЖД басшысы қандай күдікке ілінді?

Солтүстік Қазақстан облысында облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әшкереленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі хабарлады.

Ол Солтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне ұн жеткізу бойынша қызметтерді мемлекеттік сатып алу шартын жасасуға жәрдемдескені үшін кәсіпкерлік субъектісінен 1 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.

Соттың санкциясымен күдікті үй қамағына алынды.

 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!