- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Микронесиені мүлде төлемей...
Микронесиені мүлде төлемей қойса не болады?
Заңгер Мәулен Спанқұлов микронесиені мүлде төлемей қойса не болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Барыс медиаға" берген сұхбатында айтқан.
"Микронесиені мүлде төлемеген жағдайда, ең біріншіден, іс коллекторларға өтеді. Олар туысқан, дос, жұмысыңызға хабарласады. Ондай да кездер болады. Бірақ ол коллекторлар жағынан заңсыз. Алайда олар соны істейді", - дейді маман.
Содан кейін іс сот орындаушыларға өтеді.
"Сот орындаушы тек шоттарға тыйым салып қана қоймайды. Сот орындаушы несиені төлемеген адамға Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салады, жүргізу куәлігіне шектеу қоя алады. Сосын сіздің нотариалдық әрекеттеріңізге тыйым сала алады. Яғни сіз өз атыңызға біреуге тіпті сенімхат жаза алмайсыз. Ал нотариалдық әрекеттерге тыйым салса сіз мүлік сата алмайсыз да, сатып ала алмайсыз да", - деп түсіндірген заңгер.
@spankulov Кредит төлемесе не болады ? #кредит #мауленспанкулов ♬ оригинальный звук - Маулен Спанкулов
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина