Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті еліміздің 18 өңірінде "Экспресс Займ" микроқаржы ұйымында микрокредит беру кезінде азаматтарды алдау схемасының жолын кесіп, алаяқтық әрекетті әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу дерегіне сүйенсек, 2024 жылғы тамызда ұйым ақылы кеңес беру қызметін енгізген. Оның құны қарыз сомасына қарай белгіленіп, қарыз алушының негізгі берешегіне қосылған.
"Клиенттерге бұл қызметтің ақысын төлемейінше, микрокредит ала алмайтыны немесе қарызды қайтару мерзімін ұзарта алмайтыны айтылған. Ал ақылы қызметтен бас тартуға болатыны айтылмаған", - деп жазылған хабарламада.
Салдарынан қарыз алушылар тиесілі сомадан аз ақша алғанымен, қарызды сыйақысымен қоса толық қайтаруға міндеттелген. Микрокредитті қайтару мерзімін ұзартқан сайын ақылы кеңес беру қызметі қайта рәсімделіп отырған.
Барлығы 43 мың азаматпен ақылы кеңес беру қызметіне қатысты 181 мыңнан аса шарт жасалған. Микроқаржы ұйымы директорының орынбасары үйқамаққа алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз