- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жанжал
Микрофонға бола жанжалдасқан ер адам сотталды
Павлодарда караоке-барлардың бірінде 52 жастағы ер адам мен оның досы микрофонға бола жанжалдасып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі irbistv.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 2024 жылғы шілдеде болған. Кейін бұл бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Павлодар қалалық №2 сотының үкімінде төбелес алдымен мекемеде басталып, кейін көшеде жалғасқаны айтылған. Бір кезде айыпталушы пышағын суырып алып, қарсыласының кеуде тұсына бір рет сұғып, қашып кеткен.
"Соққы жүрек аймағына тигендіктен, өлді деп ойлаған. Оң қолымен пышақпен ұрып, бүйірінен, жүрек аймағынан, яғни кеуде тұсынан ұрды. Ол пышақты сипаттай алмайды, өйткені бәрі тез болған, бірақ үстінде қан көрді, жейдесі қанға боялған, кейін ол есін жоғалтып, бірден құлап кетті", - деп келтірді жәбірленуші сөзін.
Айыпталушы өзін кінәлі емес, тек қорғағанын айтады. Ол өміріне қауіп төніп тұр деп ойлап, пышағын алып шыққан.
Денсаулыққа ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. №2 сот павлодарлықты кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек