Михаил Шайдоров Братиславадағы турнирде қола медаль иеленді

Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Братиславада (Словакия) өткен ISU Challenger сериясындағы Memorial Ondrej Nepela турнирінде қола медаль иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнир нәтижелері

Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша Олимпиада чемпионы 272,75 ұпай жинады. Қысқа бағдарламада Шайдоров 95,98 ұпай, ал еркін бағдарламада 176,77 ұпай иеленді.

Бірінші орынды бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко иеленді, ол жалпы 292,09 ұпай жинады. Күміс жүлдегер 278,80 ұпай нәтижесімен италиялық мәнерлеп сырғанаушы Даниэль Грассль болды.

Instagram-дағы жазба

Ондрей Непела мемориалы Шайдоров үшін 2026/27 маусымындағы алғашқы халықаралық жарыс болды.

Өнер көрсеткеннен кейін спортшы өзінің Instagram-парақшасында шағын хабарлама жариялады.

"Қолдау көрсеткен баршаңызға көп рахмет. Huge thanks to all my fans for your support ("Қолдау білдірген барлық жанкүйеріме көп рақмет!")", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары қазақстандық спортшыны құттықтап, пікір қалдырған.

Михаил Шайдоров - Олимпиада чемпионы

Айта кетейік, Михаил Шайдоров - Олимпиада чемпионы атанған алғашқы қазақстандық.

Милан мен Кортина-д’Ампеццодағы Ойындарда ол қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында тұрған еді, бірақ еркін бағдарламаны тамаша орындап, қарсыластарынан озып кетті.

Олимпиада алтынынан бөлек, Шайдоровтың қоржынында әлем чемпионатының күмісі мен Төрт құрлық чемпионатының жеңісі де бар.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!